Философ Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1005 жыл толуына орай өткізілген танымдық шара бойынша ақпарат
Дата: 2022-02-02 16:49:13
Философ Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1005 жыл толуына орай өткізілген танымдық шара бойынша ақпарат
Түркі жазушысы, философы Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1005 жыл (1017/1021-1075) толуына орай Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі Өмірхан Әділет пен мектеп-лицейіміздің кітапханашысы Х.Булганбайдың ұйымдастыруымен танымдық сағат өткізілді. Танымдық шара аясында Жүсіп Баласағұнидің өмірі, еңбектері туралы тың ақпараттар айтылды.
Жүсіп Баласағұн - XI ғасырдың көрнекті ақыны, ойшыл-философ, бүкіл Шығыс елдеріне әйгілі ғалым-энциклопедист, аса ірі мемлекет қайраткері, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Сол заманның беделді мәдени орталықтары – Фараб, Қашғар, Бухарада білім алған. Жүсiп Баласarұн Қарахандар мемлекeтiнiң хан сарайында бас министр қызметiн атқарған.
Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіп Баласағұнның құнды мұрасы, мәні мен мазмұны зор «Құтты Білік» дастанының әр жолдарындағы тәлім - тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастаны терең мәнін жоғалтпаған құнды шығарма.
Шығарманың негізгі баптары - Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Бұл трактаттың көп бөлімдері өміріндегі, бақыт туралы ойлар, жаман мен жаман қылықтар, сөздің жағымды және жағымсыз жағы, әр түрлі деңгейдегі басшылар мен әміршілерге қажетті қасиеттер туралы, әр түрлі қоғам өкілдерімен тіл табу туралы ойларға арналған. Дастанда отбасының жеке некенің мәселелері, жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі орынға ие. «Құтты Білік»–ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты Білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен, замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.
«Құтты Білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түркітілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда қазақ хылқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Балсағұнның адамгершілік тәрбиесінде жатыр.