«Менің Елбасым-менің мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 2020-11-27 12:57:12
«Менің Елбасым-менің мақтанышым»    мәнерлеп оқу сайысы

   26-28  қараша күндері  аралығында  лицейімізде  2-4 сыныптар арасында "Рухани жаңғыру" Тұңғыш Президент күніне орай  «Менің Елбасым-менің мақтанышым»  тақырыбында  мәнерлеп оқу сайысы  өтті.Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: Елбасының өмір  жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке  азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу,   шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін  оятуға, құрметтеуге, сондай-ақ,  оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу болды.   Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы.   Аталған шарттар негізінде сайыс қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар аралығында жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді: 2- сыныптар арасында Бекзада Әлішер,   3 -сыныптар арасында Ақжарқынов Ақыл, Мұратқызы Диляра,  4- сыныптар арасында Алапгарова  Альмира, Тілеубек Ділдә, Қажытай  Іңкәр, Ержанұлы Еділ .