«Менің Елбасым-менің мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысы
26-28 қараша күндері аралығында лицейімізде 2-4 сыныптар арасында "Рухани жаңғыру" Тұңғыш Президент күніне орай «Менің Елбасым-менің мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, құрметтеуге, сондай-ақ, оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу болды. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Аталған шарттар негізінде сайыс қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар аралығында жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді: 2- сыныптар арасында Бекзада Әлішер, 3 -сыныптар арасында Ақжарқынов Ақыл, Мұратқызы Диляра, 4- сыныптар арасында Алапгарова Альмира, Тілеубек Ділдә, Қажытай Іңкәр, Ержанұлы Еділ .