Ана - тіршіліктің тірегі» атты семинар -тренинг

Дата: 2020-11-18 12:22:16
Ана - тіршіліктің  тірегі»  атты семинар -тренинг
2020  жылдың  17 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ–нің «Сырлас» аналар мектебінің төрайымдары Нұрлан Мөлдір Болатқызы мен Казакбаева Айнур Толеугалиевнаның ұйымдастыруымен   аналар мектебінің  өкілдері  арасында   Zoom  арқылы «Ана-тіршіліктің  тірегі»  атты  онлайн семинар - тренинг өтті. Семинар –тренинг өту барысында  аналар – отбасының негізгі ұйытқысы және отбасы  бақытының  бағбандары  екендігіне  көз жеткізу үшін отбасы бақытының  формуласы  жасақталды. Арнайы бейнебаян  көрсетілімі  арқылы  қоғамдағы ананың рөлі мен бала тәрбиесінде алатын орны жөнінде сұхбат өрбіп, ой-пікірлер  алмасты. Қорыта  келе,  аналар  ұстаздарға шексіз ризашылығын білдіре отырып, өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты екендігін түсініп, балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептейтіндіктерін жеткізді.