Информатикадан «Алгоритм түрлері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті...

Дата: 2019-01-25 16:34:09

25 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімі Алиева Ш.А. 5-сыныпта «Алгоритм түрлері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға алгоритмді жазу тәсілдерін және блок-схеманың  графикалық нысандары туралы түсініктерін қалыптастыру; термин сөздерін ағылшын тілінде меңгеру.

Сабақ барысында топтық жұмыстың түрлері, оқушымен жекелей жұмыс,  «кім жылдам?», терминдер анықтамасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңындағы оқушылар өз көңіл-күйлеріне сәйкес рефлексия жасады. Өз сезімдерімен бөлісті. Мұғалімге сынып тілі жайлы және жаңа кейбір термин сөздердің транскрипциясын іздену және оқушыларға жиі дауыстатып қайталау ұсынылды.