1 «Ә» сыныбында сауаташу пәнінен "И дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өтті...

Дата: 2018-12-13 18:02:00
1 «Ә» сыныбында сауаташу пәнінен

13 желтоқсан күні бастауыш сынып апталығы өз жалғасын тапты. Бастауыш сынып мұғалімі Жетпіс Бақыт Нұржанқызы 1 «Ә» сыныбында сауаташу пәнінен "И дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Ии дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Ии дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Оқушылар сабақта «Дыбыстар», «Буындар», «Сөздер» топтарына бөлініп жұмыс жасады.