15-18 қазан аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Нұржан Жолдыбалинов Балқаш қаласындағы мектептер кітапханашыларына «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағ
Дата: 2019-10-22 15:25:51
15-18 қазан аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Нұржан Жолдыбалинов Балқаш қаласындағы мектептер кітапханашыларына «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолдану, бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы, кітапхана беделін көтеру мақсатында жұмыстар талқыланды. Семинар-тренинг өте мазмұнды әрі тартымды өтті, кітапханашылар коптеген ризашылықтарын білдіріп, көп әсер алды.








