Размер шрифта:
↑

"Бала құқықтары туралы Конвенция"тақырыбында танымдық әңгіме өткізді.

Дата: 2026-11-19 16:00:43

Дүниежүзілік балалар күні аясында аға тәлімгер М. Б. Аманжолова 7-8 сынып оқушыларымен "Бала құқықтары туралы Конвенция"тақырыбында танымдық әңгіме өткізді. Әңгімелесу барысында оқушылар конвенцияның негізгі ережелерімен танысып, балалардың құқықтары мен міндеттерін, білім алу, қорғау, медициналық көмек, қамқорлық пен сыйластық құқықтарын талқылады. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және бала құқықтарын сақтауға байланысты түрлі жағдайларды қарастырды. Іс-шараның мақсаты - құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу және өз жауапкершілігін сезіну. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлыққа, қорғауға және лайықты болашаққа құқылы

Автор: №4 ОМ