"мектептің арқасында табылған достар"акциясын өткізді.
Дата: 2026-11-18 15:19:17
Мектеп Парламенті "өзін-өзі тану және бақыт" фракциясы "мектептің арқасында табылған достар"акциясын өткізді. Акцияның мақсаты — мектеп тек білім алатын орын ғана емес, сонымен бірге шынайы достық, өзара түсіністік пен қолдау туатын кеңістік екенін көрсету. Мектеп жылдарында біз жаңа адамдармен танысамыз, Адал достар табамыз, бір-бірімізді құрметтеуге, көмектесуге және қиындықтарды бірге жеңуге үйренеміз. Акцияға қатысушылар мектеп достығы туралы жақсы естеліктерімен бөлісті және мектеп рухы жақын адамдарды табуға қалай көмектескенін айтты. Өйткені, мектеп достығы-бұл өмір бойы қалуы мүмкін ерекше байланыс!