«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы
Дата: 2026-11-10 11:43:35
Мектеп парламенті: «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы
Мектеп парламентінің «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы футболдан мектеп командасын жасақтады.
Басты мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу, командалық рухты қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Футбол ойыны оқушылардың ептілігін, төзімділігін, жауапкершілігін, тәртібін және бірлесіп жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Біз спортты, денсаулықты және белсенді болашақты қолдаймыз! ⚽