Акция күлкінді сыйла

Дата: 2026-11-09 15:56:13
Акция күлкінді сыйла

Бүгін № 4 жалпы білім беретін мектепте мектеп парламентінің «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы «Күлкі сыйла» атты жүрекке жылу ұялатар шара өткізді.
 
Іс-шараның мақсаты — адамдардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоциялар сыйлау, сондай-ақ мейірімділік, қамқорлық пен шынайы күлкінің маңыздылығын көрсету болды.
 
Қатысушылар бір-біріне күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлап, айналаға қуаныш пен достық атмосферасын орнатты.
 
Өйткені, тіпті кішкентай ғана мейірімді іс-әрекеттің өзі біреудің күнін жарқын ете алады!
Автор: №4 ОМ