Қалалық «Күздің алтын белгілері» атты сурет байқауы өткізілді.
«Күздің алтын белгілері» қалалық сурет байқауы өткізілді. 2026 жылдың 27 қазан күні Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» жобасы аясында қалалық «Күздің алтын белгілері» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – балалардың сурет салу дағдыларын, логикалық ойлау және елестету қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Байқауға қала мектептерінен 10 оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен көркемдік шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар күз мезгілінің әсемдігін, табиғаттың алтын түстерін өз жұмыстарында бейнелеп, ерекше туындыларын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 3 орындарға біздің 4 мектеп иеленді.
ІІІ орын – Ашимжанова Зарина