"Менің Қазақстаным-менің болашағым" атты эссе байқауы
Дата: 2026-10-23 14:51:51
"№4 жалпы білім беретін мектеп" КММ — де Қазақстан Республикасы күніне арналған "Менің Қазақстаным-менің болашағым" атты эссе байқауы өткізілді. Оқушылар Отан, оның тарихы, мәдениеті мен жетістіктері туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар өз жұмыстарында туған еліне деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін білдірді. Байқау өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті. Қазақстан-біздің Отанымыз, ал оның болашағы әрқайсымызға байланысты!