Тілдер күні

Дата: 2026-10-06 11:36:30
Тілдер күні
Казакстан халқы тілдері күні
5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында, мектеп кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты өлең жолдары мен нақыл сөздері оқылды.
Автор: №4 ОМ