Размер шрифта:

Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

Дата: 2026-09-21 12:36:44
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

2026 жылғы 17 қыркүйекте 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша: математика, физика, химия және биологиядан Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Олимпиада оқушылардың білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және пәндік құзыреттіліктерін саралауға мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарын, білімге деген қызығушылықтарын және жаратылыстану-математикалық ғылымдарға деген ынталарын көрсетті.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер және жоғары нәтижелер тілейміз!

Автор: №4 ОМ