«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында профилактикалық кездесу
Дата: 2026-09-21 10:26:00
9 қыркүйек күні мектебімізде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Накен Е.Р. және Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Саматов Е.Д. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Заңды білу – өз құқығыңды білуден басталады!
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі! Переведи