Диктант
Дата: 2026-09-18 16:27:51
2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында мектепте мемлекеттік тілде Республикалық диктант өткізілді.
Диктантқа мектеп мұғалімдері Фролова Ирина Викторовна, Бекашпекова Ақнұр Рахатовна және Зеленина Наталья Александровна қатысты.
Қатысушылар қазақ тілінен білімдерін, сауаттылығы мен жазбаша сөйлеу дағдыларын көрсетті. Диктантты өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру, оның қолданылу аясын кеңейту және тіл мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға және оның күнделікті әрі кәсіби ортада қолданылуын қолдауға бағытталды.