«Мектепке жол» акциясы
Дата: 2026-09-18 16:01:30
«Мектепке жол» акциясы аясында 53898 әскери бөлімі балаларға көмек көрсетіп, қажетті кеңсе тауарларымен жабдықталған 5 мектеп сөмкесін табыстады.
Бұл қолдаудың арқасында оқушылар жаңа оқу жылын жақсы дайындықпен қарсы алып, оқу үшін қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
Балаларға көрсеткен қамқорлығы, жанашырлығы және қолдауы үшін 53898 әскери бөлімінің командирі, полковник Темиргалиев Ренат Аксайұлына және әскери қызметшілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мұндай көмек — тек мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар балаларға деген қамқорлықтың, мейірімділіктің және әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі.
Ізгі іске қосқан үлестеріңіз бен жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!