Жазғы алаңда тамақтануды ұйымдастыру сапасын бақылау мақсатында бракераждық комиссияның тексеруі жүргізілді. Комиссия мүшелері дайындалған тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігін, олардың дәмдік сапасын, сыртқы көрінісін, берілу температурасының сақта
Дата: 2026-06-05 10:34:01
Жазғы алаңда тамақтануды ұйымдастыру сапасын бақылау мақсатында бракераждық комиссияның тексеруі жүргізілді.
Комиссия мүшелері дайындалған тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігін, олардың дәмдік сапасын, сыртқы көрінісін, берілу температурасының сақталуын, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексерді.
Тексеру нәтижесінде тамақтандырудың қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес ұйымдастырылғаны анықталды. Ұсынылған тағамдар бекітілген мәзірге сәйкес келеді, өнімдердің сапасы тиісті деңгейде.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Сондықтан тамақтану сапасына бақылау тұрақты түрде жүргізіліп отырады.