КММ «№4 ЖББМ»-де «Оқу жылының қорытындылары. Қауіпсіз жаз — 2026» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мәселеле
КММ «№4 ЖББМ»-де «Оқу жылының қорытындылары. Қауіпсіз жаз — 2026» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Ата-аналар алдында ТЖ қызметкері, полиция өкілдері, емхана мамандары және мектеп директоры Амиркулова Г.Р. сөз сөйледі. Спикерлер жаз мезгілінде жолда, су айдындарында, қоғамдық орындарда және интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып, демалыс кезінде балалардың денсаулығын сақтау мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Жазғы каникул кезеңінде балалардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін мектеп пен ата-аналардың ортақ жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Ата-аналарға белсенді қатысулары, ынтымақтастықтары және мектеп бастамаларын қолдағандары үшін алғыс білдіреміз! Барлық оқушыларға қауіпсіз, жарқын әрі пайдалы жаз тілейміз!
#Адал_азамат