«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы тестілеу қорытындысы
Дата: 2026-04-22 15:54:43
«Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында,педагогтер арасында ұйымдастырылған мектепішілік тестілеу өз мәресіне жетті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кәсіби деңгейін жетілдіру болып табылады.Тестілеуге белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салған барлық педагогтерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ізденістеріңіз бен кітапқа деген құрметтеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі. Олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығы зор құрметке лайық.