«Заң және тәртіп» телемосты
Дата: 2026-04-13 10:52:50
ҚМУ «№4 жалпы білім беретін мектепте» 9–11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында телемост өткізілді.
Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматта құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Телемост барысында өзекті мәселелер қарастырылды: есірткі заттарын тарату («закладка») қаупінің алдын алу, интернет-алаяқтық пен дропперлік, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері.
Құқық бұзушылықтардың салдарына ерекше назар аударылды. Спикер ретінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жасөспірімдерді саналы таңдау жасауға шақырды.
Іс-шараға жалпы 54 оқушы қамтылды. Осындай кездесулерді өткізу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілігін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.