Размер шрифта:

Жастар ресурстық орталығы өкілдерімен кездесу

Дата: 2026-04-07 17:38:18
Жастар ресурстық орталығы өкілдерімен кездесу
Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған Жастар ресурстық орталығы өкілдерімен кездесу өтті.
 
Кездесу барысында орталық мамандары оқушыларға құқықтық және әлеуметтік сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастарға арналған мүмкіндіктер, түрлі жобалар мен бастамаларға қатысу жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
 
Іс-шара барысында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұлғалық дамуға ерекше назар аударылды.
 
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
 
Қамтылған оқушылар саны – 56.
Автор: №4 ОМ