«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі»
Дата: 2026-04-07 16:35:22
Мектебімізде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай республикалық бірыңғай сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы — «Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі». Іс-шара барысында оқушылар денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу туралы пікір алмасты.
Сабақта балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, олардың физикалық және психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қарауын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастырып, өмірлік маңызды құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.