Құрметті ата-аналар! 1-сыныпқа қабылдау мерзімдері өзгертілді.
Дата: 2026-03-31 08:53:52
Құрметті ата-аналар!
1-сыныпқа қабылдау мерзімдері өзгертілді.
Қарағанды облысы бойынша құжаттарды қабылдау кестесі:
• Құжаттарды қабылдаудың негізгі кезеңі: 29 маусым – 10 шілде
Қабылдау барлық өңірлерде жалпы тәртіп бойынша, бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. өтініш
2. № 065/у нысанындағы медициналық анықтама «Профилактикалық екпелер картасы»
3. № 052-2/у нысаны «Баланың денсаулық паспорты»
4. баланың 3×4 см өлшемдегі фотосуреті
Өтініш egov.kz веб-порталы арқылы жолданады.
Қосымша сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.