Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Дата: 2023-11-29 19:55:10

1.Жалпы ережелер

          1.1.Бұл ұсыныстар оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында сабақ тоқтатылған кезде орта білім беру ұйымдарының, білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі –білім беру ұйымдары) қызметін реттеуге бағытталған.

          1.2.Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319  «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының түрлері бойынша қызметтің Типтік ережелері, Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығы, "Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 бұйрығы, "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 3 наурыздағы №107 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде кезекші қызметтердің жұмысын ұйымдастырудың және ақпараттың өту тәртібінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде әзірленген

          1.3.Ұсыныстар сабақтарды тоқтату күндері білім беру ұйымының қызметіне бірыңғай тәсілдерді белгілеу, оқушылардың білім беру бағдарламаларын толық көлемде игеруін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

2.Сабақты тоқтату күндері жалпы білім беру ұйымында сабақтарды тоқтату және оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

          2.1.Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:

 

0-4 сыныптарда:

ауа температурасы минус 250С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 17 м/сдейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

          5-9 сыныптарда:

ауа температурасы минус   300С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 20 м/сдейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

         10-11 сыныптарда, кәсіптік лицейларда, колледждарда (1-2 курс студенттері үшін):

ауа температурасы минус 350С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 25м/сдейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе.

          2.2.Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа: 

      1) қалаларда телевидениедегі жүгірпе жол түрінде; 

      2) қалаларда және аудандарда радиодан тарату; 

      3) әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;

      4) 169 телефоны (ақылы анықтама) арқылы;

      5) әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;

      6) әлеуметтік желілер;

      7) білім беру ұйымының, сынып жетекшілерінің немесе білім беру ұйымы әкімшілігінің кезекшілері арқылы хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау: 

Сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.

2.3 Білім беру ұйымдарындағы сабақтарды тоқтату білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде немесе оны алмастыратын адам арқылы жүзеге асырылады және басқарманың диспетчерлік қызметіне, мектепке дейінгі білім беру және жалпы орта білім бөліміне, техникалық және кәсіптік басқару бөліміне, жеке тұлғаның моральдық-рухани дамуы бөліміне, арнайы және бөлімнің қосымша білімі, балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне және Қарағанды облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасына сабақтарды тоқтату күні сағат 6.00-ден 7.00-ге дейін –бірінші ауысымға,  10.30-дан12.00-гедейін –екінші ауысым мен үшінші ауысым бойынша хабарлайды.

2.4.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда қашықтан оқыту облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары бұйрығының негізінде барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылады.

 2.5.Ауа райының қолайсыз метеожағдайларына байланысты қашықтан оқыту "Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13076 болып тіркелген) сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органының бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.

2.6.Сабақты тоқтату туралы бұйрық бекітілгеннен кейін тез арада білім беру ұйымының ресми сайтында және ақпараттық стендінде орналастырылуы тиіс.  

2.7.Білім беру ұйымы басшысының сабақты тоқтату туралы бұйрығын алған кезде ТЖД қызметкерлері ұялы байланыс операторлары арқылы СМС-хабарламаларды таратуды, ақпаратты ТЖД ресми сайтында, әлеуметтік желілерде және «Дәрмен» мобильдік қосымшасына орналастыруды жүзеге асырады.

2.8. Интернаттық білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақты тоқтату білім алушылардың тұрғылықты жағдайы ескеріле отырып жүргізіледі. 

2.9.Ауа-райы жағдайы туралы ақпаратты «Казгидромет» РМК департаментінің ресми деректерінен алу ұсынылады.

2.10. Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының қызметі бекітілген жұмыс режиміне, педагогтердің қызметі белгіленген оқу жүктемесіне, сабақ кестесіне, басқа қызметкерлердің қызметі жұмыс уақытының режиміне, ауысым кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.  

2.11.Сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылар үшін сабақтың барлық түрлері (оқу, қосымша, үйірмелік, ұзартылған күн топтарының жұмысы), ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшысыжәне қала (аудан) білім басқармасымен бекітілген, құрылтайшы келіскен сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі. 

 

3. Жалпы білім беру мекемесі әкімшілігінің функциялары

 

3.1. Білім беру ұйымының директоры:

3.1.1.Оқу үдерісіне қатысушылардың барлығын сабақтың тоқтатылған күндерітуралыбілім беру ұйымының жұмысын ұйымдастыруды реттейтін құжаттармен таныстыруды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

3.1.2.Сабақ тоқтатылған күндерібілім беру ұйымы қызметкерлерінің жұмыс кестесінің сақталуын, сабаққа келген оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылайды;

3.1.3.Оқушылардың оқу бағдарламаларын игеруін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылайды;        

3.1.4.Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдайды.

 

4.Сабақ тоқтатылған күндері мектептердегі педагогтердің функциясы

      

4.1.Сынып жетекшісі, куратор:

4.1.1.Сабақың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізеді;  

4.1.2.Сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылардың есебін қатаң жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына білім алушылардың саны туралы баяндайды, сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының педагогикалық және басқа қызметкерлерінің білім алушыларды үйге қайтаруына жол бермеуін бақылауды жүзеге асырады;    

4.1.3.Сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етеді; 

4.1.4.Оқушылардың күнделіктерінде, сайтта сабақ тоқтатылатын күндерді белгілеу үшін ауа райы жағдайын анықтау кестесі, сабақты тоқтату күндерін хабарлау уақыты және хабарландыру беретін бұқаралық ақпарат құралдары телефондарының нөмірлері туралы мәліметті орналастырады;

4.1.5.Ата-аналарды (заңды өкілдерді) олардың балаларының сабақ тоқтатылған күндердегі, оның ішінде білім алушылардың қашықтықтан оқыту нысандарын қолдану және өзіндік жұмыс жағдайындағы оқу әрекетінің қорытындысы туралы хабардар етеді.

 

5.Сабақ тоқтатылған күндері білім алушылардың ата-аналарының
(заңды өкілдерінің)
құқықтары мен міндеттері

 

5.1.Сабақ тоқтатылған күндері балаларының білім беру ұйымына бармауы туралы шешімді өздігінен қабылдайды;

5.2.Білім беру ұйымының сабақ тоқтатылған күндердегі жұмыс кестесімен танысады.

5.3.Сабақ тоқтатылған күндері баласының білім беру ұйымына баруы туралы шешім қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымына баруы мен қайтуы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Автор: №4 ОМ