Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
Бұл өмірде артында жақсы ісі, өрелі өнегесі, сүбелі сөзі қалса, онда олар туралы «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты қағида еш уақытта өзінің мән—мазмұнын жоғалтқан емес. Қаламызда Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. 17 ақпан күні Балқаш қаласының ЖББ №4 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Карина Зауреш Серикбаевнаның жетекшілігімен 8«Б» сыныпта "Өзге емес,өзім айтам өз жайымда ..." атты Қасым Аманжолов жайында деректі фильмдер көріп, өмір жолымен танысты. Рухани шараның басты мақсаты – сөз мәйегі кие тұтқан ақынның шығармашылығын,рухани бай мұрасын насихаттау.
«Поэзиядағы ой-пікірдің байлығы мен сезімнің шыншылдығы, өлең сөздің тапқырлығы қатар келетін Қ. Аманжоловтың өлеңдері талай ұрпақпен сырласып, оның жанын тебіренте алары сөзсіз» деген жолдармен аяқтауды жөн көріп отырмын.



