2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында Қарағанды қаласында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз жасаған жүректен» атты облыстық аймақтық онлайн байқау өтті.
Дата: 2021-03-02 12:21:18
2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында Қарағанды қаласында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз жасаған жүректен» атты облыстық аймақтық онлайн байқау өтті. Байқауға Қарағанды облысының аймақтарынан 400-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Біздің мектептен байқауға 8 «Г» сынып оқушысы Кизилова Валерия (дайындаған жетексіші Жанасылова Р.Б.) қатысты. Қазылар алқасының назарына әйгілі «Ленинградтық өренім!» өлеңін мәнерлеп оқыған видео ұсынылды. Биыл поэманың шыққанына 80 жыл толады. Кизилова Валерия байқау қорытындысы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Біз Валерияны құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз!