«Жыр алыбы - Жамбыл» атты мәнерлеп оқу байқауы туралы ақпарат

Дата: 2021-02-24 11:40:18
«Жыр  алыбы - Жамбыл»  атты  мәнерлеп оқу байқауы туралы ақпарат

2021 жылы 24 ақпан күні Балқаш қаласындағы ЖББ № 4 орта мектебінде  жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған  мектепішілік жоспарға сәйкес 9-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның  мақсаты: Жамбыл Жабаевтың қазақ және әлемдік  әдебиетке қосқан үлесін тереңірек зерделеп, өскелең ұрпаққа әдеби мұра арқылы отансүйгіштік тәрбие беру, рухани асыл  мұраларын насихаттап, өлеңдерін, жатқа оқу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Іс-шараға 9-сынып оқушыларын ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері: Жумабаева С.К., Карина З.С., Амиркулова Г.Р. жетекшілік етті. Мектеп кітапханасында  кітапханашы Беделбаева Зәуреш Карибаевнаның ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған көрме  ұсынылды. Байқауға  9 «Б» сыныбының  оқушылары: Ли Станислав, Огай Даниил, Горбачевская Екатерина; 9 «В» сынып оқушылары: Ерденов Дінмұхаммед, Емельянова Виктория; Муханова Рамина, Махметова Лана қатысты. Байқау барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуда өзіндік деңгейлерін көрсете білді. Байқау соңында төрешілер қатысушыларға алғыстарын айтып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.

 

Автор: №4 ОМ