Қазақстанда Еңбек күніне арналған іс-шара өткізу туралы Ақпарат

Дата: 2020-09-25 16:32:30
Қазақстанда Еңбек күніне арналған іс-шара өткізу туралы Ақпарат

Қазақстанда Еңбек күніне арналған іс-шара өткізу туралы

Ақпарат

 

Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде жұмысшы мамандықтарын құрметтеу және жас кезінен бастап жұмыстың маңыздылығын ұғындыру дәстүрлерін қалпына келтіру мақсатында Республика Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада құрылған Еңбек күні атап өтіледі.

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бекітілген іс-шаралар жоспары және «Балқаш қаласының № 4 ОМ» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес 24-25 қыркүйек аралығында  оқушылар арасында  дәрістер, презентациялар байқауы, онлайн кездесулер, байланыс сағаттары өткізілді.

Сынып жетекшілері оқушыларға қызықты сабақтар өткізді, оларды сирек кәсіптермен және Балқаштың еңбек әулеттерімен таныстырды. Оқушылар өз болашақ мамандықтары туралы электронды презентация құрды. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналары балаларды өз мамандықтарымен тікелей жұмыс орнынан таныстырды.

Мемлекет пен кәсіподақтардың Еңбек күніне арналған мерекелік және жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы көздейтін басты мақсаты -  мамандықтардың мәртебесі мен беделін арттыру, отбасылардағы жұмыс істейтін әулеттер дәстүрін қайта жаңғырту, еңбек өнімділігін ынталандыру, оған жастардың назарын аудару.

Мамандық таңдау - ең маңызды таңдаудың бірі. Кез-келген мамандық иелері әрқашан өзіндік жұмыс жасауы керек, сонда кез-келген арман шындыққа айналады. 

 

Автор: №4 ОМ