Размер шрифта:

ҚР Президентінің 31 наурызда жасаған Үндеуіне Пікір

Дата: 2020-04-01 11:37:31

Республика басшылығы мен халқының алдында өте үлкен сынақ уақыты туып тұрғаны анық.

Бұл ретте, дүние жүзі мен елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты еліміздің басшысының бастамасымен Қазақстанның әлеметтік мемлекет ретінде көрінуі, әрине, қуантады.

Бұл іс-шаралар елімізде дүрбелең тудыруға жол бермеуге бағытталған.

Осы қиын да жауапкершілігі мол уақытта дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің рөлі аса үлкен екені байқалды. Осыған дейін олардың қызметі дұрыс деңгейде бағаланбағаны рас. Оны уақыт көрсетті. Оларға дұрыс жағдай жасап, еңбектерін бағалау саясаты үкімет тарапынан қолдау тапқаны дұрыс болды. Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық

Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау тапсырылды.

Тек қана аталған санаттағы азаматтар ғана емес, бұл саясат еліміздің бүкіл адамдарына тиесілі. Оның ішінде, осы пандемияға байланысты іс-шаралар барысында азды-көпті зардап шеккен қауым алдыңғы кезекте мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

Қазақстан Республикасы өзінің халқының жағдайын ойластырып, қиын жағдауда тастап кетпей, күрделі мәселелерді шешуде қабілетті басшы ретінде көрсетіп отырғаны, әрине, бүкіл халықты қуантатыны анық.

Және мемлекет басшысы мен үкіметі тарапынан осындай саясат жалғасын табады деген сенімдемін.

 

Балқаш қаласының №4 жалпы білім беретің орта мектеп» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі Сарсембеков Б.Т.

Автор: СШ №4