«Айқын» жобасы туралы

Дата: 2017-11-29 08:55:14

Ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап «Айқын» жобасының шеңберінде Балқаш қаласының білім беру мекемелерінде 5-10 сынып оқушыларының пәндік білімін анықтау бойынша диагностика жүргізілді. Пайдаланылған ресурстар: - SAR тестісінің on - line жүйесі. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы тапсырмаларды құрды. Тестілеу мұғалімдерге проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және әр оқушыға жеке оқу бағытын одан әрі дамытуға, сабақтардың сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін оқушылардың пәндер бойынша түсінбегендерін түзетуге және жоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 5-9 сынып оқушыларының 5246 оқушысы сынақтан өтті.