"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"
Дата: 2018-09-18 09:45:59
![](/media/img/blog/5ba074c69bb44.jpg)
"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 5-қыркүйек туған күні. Барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болды.Осы мақсатта "Туған тілім-тірлігімнің айғағы "атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, ана тілінің қадір-қасиетіжайлы ғұламалар жазған кітаптармен таныстырылды.