1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашылуы
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашылуы туралы ақпарат.
2018 жылдың 1 маусым күні «Балқаш қаласы №15 мектеп - лицейі» КММ де «Таңшуақ» шағы орталығының алдында «Балдаурен» жазғы сауықтыру орталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты:балалардың демалысын тиімді және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, азаматтық сана сезімін қалыптастыра отырып, қоғамдық пайдалы іс – әрекетке баулу.
«Біз бақытты балдырған» тақырыбымен өткізілген іс–шараны ұйымдастыру үшін «Таңшуақ» шағын орталығының алды арнайы безендірілді.
І бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мектеп – лицей директоры К.Ш. Дубирбекова құттықтау сөз сөйледі.Оқу жылын табысты аяқтаған оқушыларды мадақтамамен арнайы құттықтап,балалардың жазғы демалысты тиімді пайдаланып, қызықты өткізулеріне тілек білдірді.
Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері ән айтып, би биледі. Мерекелік іс – шара ертегілер әлемімен жалғасын тапты. Балалар шаттық пен қуанышқа бөленіп, соңы ән – биге ұласты. Іс – шара түрлі ойындармен жалғасты. Мереке соңында балалар тегін балмұздақтарды сыйлыққа алды.
Мектеп – лицейдің көпкешенді кортында дәстүрлі «Асығың алшысынан түссін» атты ұлттық ойын ұйымдастырылды.Ойынға 5-6 сынып оқушылары арасынан үздіктер суырылып шығып, марапатталды. Ұйымдастырушы Дәріғұл Д.Т, Жасымхан Н.М. оқушыларды марапаттады.І орынмен 5А сынып оқушысы Амангелді Алдияр , ІІ орынмен 6Ә сынып оқшысы Тихомбаев Еламан, ІІІ орынмен Магрупбеков Нурислам . Ойынға 30 бала қатысты. Сонымен қатар, «Толағай» отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 4 команда әр отбасы мүшесінен 4 қатысушыдан қатысты. Эстафеталық жарысқа қатысқан отбасы мүшелерін марапаттады.
Мектеп – лицейдің алдыңғы ауласында 2 сынып оқушыларымен «Бақытты балалық шақ!» атты тақырыпта асфальтта сурет салу байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Мырзанбек Б.Қ.Кушелекова М.Қ.
Аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан және қорғаншысы бар оқушылар да назардан тыс қалмады «Микки Хаус»балалар ойын-сауық орталығына 18 оқушы барды.
Балалар үшін бүгінгі күн қуаныш пен шаттыққа толы болды.