«Денсаулыққа зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалына ұшыраған балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруын қамтамасыз ету»

Дата: 2018-05-12 11:28:38

«Денсаулыққа зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалына ұшыраған балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруын қамтамасыз ету» 

 «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның жоспарына сай 7 - 9 сынып арасындағы оқушыларына психологиялық тексерілулер мен тренингтер ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, интернеттен басқа бақытты өмір сүру жолдарын көрсету, өмірге деген құлшынысын ояту. 223 оқушы тренингке қатысып, жақсы әсерлерімен бөлісті.

Әлеуметтік желіге байланған оқушылар тренинг барысында анықталып, олармен жеке, анонимді түрде психологиялық жұмыстар жүргізіліп, олардың ата-аналарына кеңестер мен ұсыныстар айтылды. 

Ата-аналарға «Қауіпсіз интернет» тақырыбында 04.05.2017 күні семинар өткізілді.  Жадынамалар тарапылып, кеңестер мен ұсыныстар айтылды. 23.04.2018 – 08.05.2018 аралығында балалар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру үшін «қызу желі» қызметі жұмыс істеді.

 

Мектеп-лицей қызметкерлеріне 28.04.2018 күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты: «Қауіпсіз интернеттің» мақсатын, маңызын түсіндіру.  Хабардарлығын арттырып, ақпаратты ата-аналарға, оқушыларға жеткізуді қамтамасыз ету. Интернет-ресурстарын пайдалану мәдениетін арттыру.