«Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» атты семинар

Дата: 2018-05-12 10:14:22

«Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» атты семинар

«Балқаш  қаласының  №15  мектеп - лицейі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   интернет желісіндегі ресурстарды қолдану жұмысын ұйымдастыру және кіру рұқсатын реттеу мақсатында «Қарағанды облысында білім беруді  дамытудың оқу – әдістемелік  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2016 жылғы 21  тамыздағы №1 – 9 /512  хаты  негізінде   жауапты тұлға тағайындалып, комиссия  құрылды.

Мектеп – лицейімізде білім беру мекемелері педагогтерінің қатысуымен «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» семинары өткізіліп, онда интернет желісін қолдану ережесі қабылданып, оқушыларға, мұғалімдерге интернет желісіне кіру уақытына кестесі және тыйым салынған  немесе шектеу қойылған  интернет ресурстарының тізімі бекітілді.  Интернет желісіндегі ресурстарға кіру рұқсатын бақылау үшін  мектеп – лицейде информатика оқу бөлмелерінде  компьютерлерге «Small Proxy»   және Интернет – цензор  бағдарламалары орнатылып,  тыйым салынған  контенттерді тіркеу журналы қолданысқа еңгізілді. Бұл бағдарлама арқылы интернеттегі жағымсыз сайттарға шектеу койылды.  Сонымен қатар мектеп-лицей кызметкерлерін интернет желісін қолдану ЕРЕЖЕЛЕРІ таныстырылды.

 

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияны іске асыру барысында атқарылған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. 

Білім алушылар арасында Интернетте қолайлы тәртіп модельдері туралы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Мектеп-лицейіміздің сайтына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен іс-шаралар салынды.