«Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару»
«Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару»
2018 жылдың 23 сәуірмен 8 мамыр аралығында өткізілген «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның жоспарына сай мектеп – лицейіміздің І қабатында ұстаздарға, ата - аналар мен оқушыларға ақпараттық тақташа қойылды. Ақпараттық тақташада, бұқаралық ақпарат құралдарында (басылымдар, Интернет-ресурстарда) балаларға психологиялық көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері жөнінде мақалалар орналастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде желі ойындары мен жасөспірім суицидтері тақырыптарын әдептілік нормаларын сақтай отырып жарияланды. Сонымен қатар балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалары таратылды. «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттының мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет - қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Ақпараттық тақташада оқушылардың «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жасаған суреттері, бүктеме қағаздары қойылып, осы тақырыпта мектеп лицейішілік іс-шаралар өтті.