«Жасыл мектеп» жобасының оқушылардың экологиялық-инженерлік модульдік кәсіби дағдысын арттыру жолдары.
«Жасыл мектеп» жобасының оқушылардың экологиялық-инженерлік модульдік кәсіби дағдысын арттыру жолдары.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, "Қазақстан-2050" даму стратегиясын қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.Ол үшін мақсатқа жету үшін өз ісін жетік білетін мамандар болуы қажет.
«Жасыл мектеп » жобасы аясында 2009-2010 жылы іске қосылды. «Жасыл мектеп» жобасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылып, түлектердің мамандық таңдауына өз үлесін қосты.Осы мақсатта «Гүл әлемінде» таңдау курстары 1-4 сыныптарда , 5-8 сыныптарда «Жасыл экономика» , «Виртуалды биология», 9-11 сыныптарда «Терминологиялық биология, «Жасыл экономика», «Жалпы биология негіздері» ұйымдастырылып, оқушыларды мектепті көгалдандыру жұмыстарына жұмылдыра отырып, бүгінгі күнде мектептің 10 жылдағы көгалдандыруға қосқан өз үлестерінен көруге болады.
«Жасыл мектеп » жобасында практикалық жұмыстарды оқушыларымыз мектебіміздің оқу тәжірибе үлескісінде білімдерін тәжірибемен ұштастырады . Мектеп ауласының жалпы аумағы - 3,18 га (11417м2 )
Мектептің ауласының жалпы аумағы - 3,18 га (11417м2) Мектептің ауласы жалпы 4 аймаққа (зона) бөлінген: І. Оқу –тәжірибелік аумағы : 1. Гүлзарлар телімі – 14 2. Метеорологиялық және географиялық алаң – 1 3. Ботаникалық бақ және жеміс жидектер телімі – 1 Ø Жеміс ағаштары - 27 түп Ø Алма - 5 түп Ø Өрік – 2 түп Ø Қарақат – 2 түп Ø Шие -18 түп 4.Зоологиялық алаң – 1 |
ІІ. Шаруашылық аумағы: 1. Шаруашылықауласы 2. Автокөлікжолдары 3. Жаяужүргіншілержолы 4. Қоршау 5. Қақпалар 6. Көгалдар .Бозкілем (седум) 7. Мектепауласындағыжасылжелектер: Ø Қарағайлар – 87 түп Ø Үйеңкілер – 197 түп Ø Ұсақ және жалпақ жапырақты қараағаштар – 2000 түп 8. Гүлдейтін көпжылдық ағаштар: Ø Бөртегүлдер 12 түп Ø Мойылдар – 3 түп Ø Қытай раушаны – 19 түп |
ІІІ. Демалу аумағы: 1. Мектепке дейінгі шағын орталықтың «Таңшуақ » ойын алаңы – 3 2. Оқушылардың демалыс алаңы – 1 |
IV. Спорт аумағы: 1. Жеңіл атлетика алаңы 2. Кіріктірілген волейбол + баскетбол алаңы 3. Футбол + хоккей алаңы 4. Алғашқы әскери дайындық алаңы |
Мектеп ауласында өсетін өсімдіктер жайында материалдар жинақтап кітапшалар жасады, дала және бөлме өсімдіктерін бақылап, күнделік және зерттеу жұмыстарын жүргізді; түрлі тақырыптарға рефераттарды жобалау , ғылыми жоба жаза алды, жерді өңдеу,топырақ түрлерімен жұмыс жасау, жерді өңдеу, гүлдерді көбейту, кесу, суару жұмыстарын жасай алады, тыңайтқыш түрлерін тану, беру уақыты мен мөлшерін анықтауда кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Қысқы,көктем, күз айында мектептің қысқы бағында жүргізіледі . Қысқы бақта 60-тан астам гүлдің түрі: пиязшықты, тамырсабақты, түйнекті және 1300 түбіртектегі гүлдер
Бұл жобада мектепке дейінгі «Таңшуақ» орталығының 3- 5 жас аралығындағы топтардың аталуының өзі гүлдермен байланысты ,екінші сәбилер тобы «Қызғалдақтар», ортаңғы топ «Түймедақтар»,ересектер тобы «Раушандар» болып аталады. Біз бұл гүлдер атауын берген себебіміз Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы және «Гүлзар» қоғамдық бірлестігімен әлеуметтік серіктестік негізінде жұмыстар жан-жақты жүргізіп жатырмыз. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің дидактикалық материалдарын және боямақ кітаптарын, көркем әдебиетте ертегі кітаптарын, математика сабағында санамақтарын, сауат ашуда «Гүлдер әлемі» әліппесін оқу-тәрбие үдерісінде жан-жақты қолдану арқылы жас жеткіншектің және мектеп оқушыларының экологиялық функционалды сауаттылығын арттыруда. Жас бүлдіршіндерге гүлтану сабақтары өткізіліп отырады. 1 сыныпта дәстүрлі мектепішілік «Гүлзар» фестивалі 10 жыл бойы гүлдер мерекесі ретінде ата-анамен оқушылар арасында аталып келе жатыр.
Гүлзар-1. 2009 жыл
9 жылдан кейін 2018ж
Бастауыш мектепте 2- 4 сынып оқушыларына «Гүл әлемінде» сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастырылып, гүл аттарын жаттау, оларды тану бағытында жарыстар ұйымдастырылады. мектебімізге келген алғашқы 1 және 4 сынып оқушыларына мектеп ауласындағы қарағайлар бөлініп беріліп, осы қарағайларды күту тапсырылды. Бұл курстың ерекшелігі оқушы теориялық білімін практикалық негізде дәлелдейді. Еңбекке баулу арқылы сұлулық пен тазалыққа тәрбиеленеді. Бүгінгі күнде бұл оқушылардың алды 8 сыныпқа және 5 сыныпқа көшкенде өздерінің ағаштармен бірге өсіп келе жатқанын 10 сыныптан да көруге болады.
Мектепті аяқтап кетсе де өздерінің отырғызған ағаштарына келіп, көріп мектепке деген сағынышын естелігімен осылай қауышады. Орта буын оқушылары 5-8 сынып оқушылары мектептегі қысқы бақтағы және мектеп ауласындағы өсімдіктерді егу, көбейту,күтіп-баптау жұмыстарын жасау арқылы, іс-тәжірибелік жұмыстар атқарады. Осы оқушылардың ішінде өсімдіктердің өсуін қадағалай отырып, 1-3 жыл аралығында болашақ ғылыми жұмыстардың материалдарын жинайды. 9- 11 сынып аралығында мектепішілік, қалалық,облыстық, республикалық ғылыми жарыстар сайысында өзінің жұмысын ұсына отырып, теориялық және практикалық тұрғыдан әрбір өсімдіктер жайлы терең білуде. Психологиялық тұрғыдан қарағанда жермен, өсімдіктермен жұмыс жасаған оқушы өзін сенімді және қиыншылыққа төзе алатын тұлғаға айналады.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында балаға білім беріп қана қоймай, оны экологиялық бағыттағы еңбекке үйрете отырып,көгалдандыру саласындағы мамандыққа баулу қажет
Аты-жөні |
сынып |
Зерттеу жұмыстарының жетістіктері |
|||
облыстық |
республикалық |
Бітірген оқу орны |
|||
1 |
Исламбаева Айым
Серікбай Арайлым
|
9 А
11 А 2009-2010 |
«Мектеп ауласын ұлттық нақышта көгалдандыру» 1 орын |
Семей қаласы экологиялық ғпк Үздік жұмыс Астана қаласы «Сәкен тағылымы -6» атты ғпк Үздік жұмыс |
ЕНУ Биотехнолог Магистр КарГУ Биология магистр
|
2 |
Нихамберлі Әсия |
9 Ә 2009-2010 жыл |
«Басқа елден әкелінген өсімдіктерді жерсіндіру» Үздік жұмыс |
|
Медицина саласы
|
3 |
Бутетова Зарина |
2011-2012 |
|
Трансплатация органов» Астана Үздік жұмыс |
Медецина саласы |
Қазіргі кезде «Бөлме өсімдіктерін тұқымнан көбейту», «Цитрусты өсімдіктерді өсіріп, көбейту», т.б ғылыми жұмыстар бойынша оқушылар мектептің қысқы бағында және көктем, жаз айларында тәжірибелік алаңда жұмыстар жүргізе отырып, оқушы кезден ғылыми жұмыстар жазып дағдылануда. Ғылыми еңбектер қорғаған оқушылар бүгінгі күні биологиялық-экологиялық бағыттағы мамандықтар: медицина, биотехнология,аграрлық мамандықтар бойынша ЖОО және колледжде білімін жалғастыруда.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының маңыздылығы сонда, оқушыларды мамандықтарға бағыттап, одан сапалы маман иесін шығаруға түрткі болады. Оқушыны зерттеушілікке үйретуде алдымен нақты проблеманы, яғни нені зерттейтінін айқындап алуға дағдыландыру қажет. Зерттеушілік әрекетте шындықты іздеу өз бетімен жүзеге асырылады және түрлі көзқарастарды талдау, жинақтау, өзіндік бақылау жасай білу. Жыл сайын «Ландшафт дизайн» халықаралық гүлдер көрмесіне Алматы, Астана қалаларына оқушылар мен мұғалімдер үнемі қатысып тәжірибе жинақтап қайтады, жаңа жобаларды іске асыруды жоспарлайды.
Қорытындылай келе гүл өскен «жасыл ортада» тұрақты және сапалы өзіндік нәтижеге жеткен оқушы тұлғасы тұрады. Оқушының өсуіне,еңбекқорлық пен оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының жақсы болуына үлкен ықпалын тигізетіні белгілі. Өсімдіктердің үш тілде қазақша-орысша-ағылшынша аталуын балабақшадан бастап жоғарғы сыныпқа дейін күнделікті өмірде қолданып, шет тілдегі ақпараттарды өңдеп игерді. Бүгінгі таңда мемлекеттік бәсекелестік жағдайда даму қарқынын үдету өте маңызды.
Негізгі он бағытты нақтылаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының ең басты идеясы да осында. «жасыл экономикаға» көшу жолындағы қадамдар біздің Қазақстанда да байқалып отыр. Өткен жылы ғана әлемнің 119 елі мен 22 халықаралық ұйымының ғылыми қауымдастығымен бірге, төрт миллонға жуық адамды ортақ алаңда толыстырған ЭКСПО-2017 көрмесі «жасыл » технологиялардың отандық экономикаға ену процесін одан әрмен жетілдіре түсті. Мұның барлығы сайып келгенде, табиғи ресурстарға деген ғаламдық деңгейдегі мұқтаждық сіз бен біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда айқын сезіліп отырғанын көрсетеді.
Демек, «жасыл» технологияларға бағытталған ғылыми жаңалықтардың өндіріске ену процесі кезек күттірмейтін негізігі қадамдар қатарында болуы тиіс.Ерте жастан, кәсіби бейімдеу адами капиталдың экологиялық-инженерлік дамуына ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. №9, 2015 ж
4. Г.Ә. Құлжабаева. Мектепті көгалдандыру туралы әдістемелік құрал. Алматы, 2008
5. http://carececo.org/ Региональный экологический центр Центральный Азий
6. http://Международная Научная школа устойчивого развития им. П.Г. Кузнецова
7. http://aseko.org/la21/concept