«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы
Дата: 2018-04-10 16:45:09
2018 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында өткізілген іс –шаралар.
Мектеп-лицейде 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы балалардың құқықтарын қорғау саласында әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізілді.1-ші қабатта «Көшбасшылар» залында акцияға арналған ақпарттық стенд жасалды,жоспар құрылды.
Акцияға қатысқысы келетін азаматтардан қаржылай және заттай көмектерді жинау үшін жарнама парақшалары таратылды. 43 сынып жетекшіден сыныптар бойынша әлеуметтік төлқұжаты қайта қарастырылды. Педагогикалық жалпы жиналыста жұмыс жоспары таныстырылды.
Әр сынып жетекші,ата-аналар комитетімен бірге отырып акцияға қаржылай және материалдық көмек көрсетті.
Күн көрісі төмен жетім балалардың мүгедек балалардың ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың өмір сапасын жақсарту үшін жиналған қаржылай және материалдық көмек көрсету мақсатында әкімшілік, кәсіподақ ұйымы, әлеуметтік педагог, ардагер ұстаз, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелерінен комиссия құрылды.
Осы уақыт аралығында дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт қатыспаған оқушылар анықталған жоқ. «Жас ұлан» ұйымының көшбасшыларының мүшелерін белсенді тарту мақсатында «Мейірімділік жүректен бастау алады» деген дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы аға тәлімгер: Мейрам Жанар. Акцияға белсенді қатысқан сыныптар: 1А,1Ә,2А,2Ә,2Б,2В,2Г,3Ә,4А,4Ә, 5А,5Ә,5В,5Г,6А,8Ә,8Г.
Жалпы оқыту және көмекті қажет ететін білім алушыларға әлеуметтік көмек
көрсету үшін меценаттармен және демеушілермен ынтымақтастықты нығайту
шаралары өткізілді. Көмек көрсеткен меценаттар: Исина Айкүміс жеке кәсіпкер, Баярстанова Амангүл бала күтімінде, Есембаева Панар жеке кәсіпкер, Ксанова Мадина жеке кәсіпкер Ахметбекова Жанат «Балхаш стоматология» медбибі. Акция аясында «Біз спортты қолдаймыз!» атты «Толағай» отбасылық спорттық жарыс өткізілді. Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Усманова Ж. және Какимашева Г.
Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиелеушілері бастауыш сынып оқушыларына арнап «Сиқырлы күндер» атты қуыршақ театрлық қойылым қойды. Қамқорлық акциясына қатыса отырып оқушылар үлкендерге көмектесу,
жақсылық жасау, қамқорлық көрсету, үлкендерді сыйлау, рухани – адамгершілік
құндылықтарды бойына сіңірді. Ал ата-ана балаларды мейірімділікке, тәрбиелей отырып шаттыққа бөленді.Мектеп-лицей ұжымы «Қамқорлық» акциясына белсене қатысуға әрдайым дайын.