PISA -2018 халықаралық зерттеуге дайындық барысында жүргізілген сынақ бойынша ақпарат

Дата: 2018-03-15 09:10:59
PISA -2018 халықаралық зерттеуге дайындық барысында жүргізілген сынақ бойынша ақпарат

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

PISA -2018 халықаралық зерттеуге дайындық барысында жүргізілген сынақ бойынша ақпарат

         Мектеп-лицей педагогикалық ұжымы және тест администратор  PISA -2018 халықаралық   зерттеуге арналған нұсқаулықтармен танысты. PISA -2018 халықаралық   зерттеуі бойынша ақпан айының 20 күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым министрлігі «Ақпараттық –талдау» орталығының  ұйымдастыруымен облыс және білім беру ұйымының үйлестірушілеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарға мектеп-лицей үйлестірушісі Г.О.Ерменбетова қатысты. Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған семинарға пән мұғалімдері: математика пәнінің мұғалімі Садвокасова А.Т., химия пәнінің мұғалімі Ахтанова Б.Б., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайжанова К.Б., мектеп-лицей психологы Акшалова А.Т. және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің БА институты өткізген семинарға физика пәнінің мұғалімі Сулейменова С.С., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кульбаева Б.Т., биология пәнінің мұғалімі Бақытқызы П. қатысты. Мектеп-лицей педагогикалық ұжымына халықаралық зерттеуі бойынша семинар өткізілді. PISA -2018 халықаралық   зерттеуіне қатысатын 15 жастағы, яғни, 2002 жылы туылған 15 жастағы 54 білім алушылардың тізімі бекітілді.  Оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы, жаратылыстану (физика, химия, биология, география) пәндеріне негізделген халықаралық зерттеуге дайындық  жұмыстары жүргізілуде. Мектеп  психологы оқушылар мен, мектеп-лицей әкімшілігіне сауалнаманы толтыру нұсқаулығымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.  Информатика пәнінің мұғалімдері оқушыларға PISA -2018 халықаралық зерттеудің компьютерлік форматта жүргізілуі туралы мағлұматтар берді. Мектеп-лицей сайтында халықаралық зерттеу туралы бөлімде ақпараттар енгізілді. Халықаралық зерттеу бойынша жергілікті газетке мақала ұсындық. 13.03 күні Халықаралық зерттеуге дайындалу бойынша облыстық алдын-ала тестілеу өткізілді. Алдын-ала тестілеуге 51 оқушы қатысты. 3 оқушы себепті: 1 оқушы Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына қатысушы (Атырау қ-сы) , 2 оқушы денсаулығына байланысты. Қорытындысы қалалық білім бөліміне жіберілді.