Абай дана- Абай дара қазақта

Дата: 2018-01-03 09:31:41
Абай дана- Абай дара қазақта

25.10.2017ж.       Абай дана- Абай дара қазақта

        «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»бағдарламасы аясында ақынағартушықазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ,  аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевқа арналған «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты   онкүндік іс –шаралар жоспары бойынша 25.10.2017ж. күні қалалық №1отбасылық кітапхана филиалында  «Абай дана- Абай дара қазақта» атты 6 Ә, 6Б,  6Г оқушыларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.М.Тәжкеева, кітапханашы Б.Тойшыбекова, отбасылық кітапхана филиалының қызметкерлері А.Т.Тлеуберлина, Н.Г.Гуляева ұйымдастыруымен ауызша сабақ өткізілді. Ұлы данамыздың шығармаларынан ой өрбітіп,  өлеңдерін жатқа айтты. Әсіресе 6Ә Қ.Абзалбек,  Г.Қабдыбек, М.Анарбай  6 Б Д.Сарқытбекова, Т. Ержанова, 6 Г  Ж. Қалық,Қ Кусман, Е.Тілек оқушыларды атауға болады. ақынның өмір жолы, шығармашылығына арналған экран арқылы бейне сұрақтар қойылып  «Тұғыры даналықтың болған – Абай» атты кітап көрмесімен танысты.