Ептілер мен күштілер.
13 маусым күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Ептілер мен күштілер» қалалық саябақта спорттық ойындар өтті. Сайыстың басты мақсаты: бір ортақ мақсатқа жұмылдыра білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының оқушыларып қатысып, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ойын барысында қауіпсіздік ережесі айтылып өтті. Ойындар кезеңдер бойынша өтті : 1 – кезеңде: «Допты шапшаң бер». 2 – кезеңде : «Допты домалатып тез лақтыр». 3 – кезеңде: «Кім шапшаң». 4- кезеңде: «Секіргішпен жұптасып 30 секунт секіру» .
Әр ойынға қорытынды жасалып, командалар ұпайын есептеп, жеңген команданып анықтап, марапатталды. Сол сияқты төмендегі арнай жүлделер белгіленді:
1. «Ең үздік топ басшы»
2. «Ең үздік ойыншы»
3. «Ең жақсы спорт киімі»
Соңында барлық қатысушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.