ҰБТ-ға қатысты психологиялық көмек
Date: 2017-05-18 06:45:42
ҰБТ –ға дайындалуына көмек көрсету
Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер
Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
•Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
•Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
•Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
•Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Қатты ауыртпалық түсіртпеңіз;
•Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. б ас миының жұмысын белсендіреді;
•ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
•ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-пен, байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет!
•ҰБТ алдында балаңызды уайымдатпаңыз-бұл нәтижелеріне жағымсыз әсер етеді. Балаға ата-ананың уайымы беріледі, ересек адамдар жауапты кезеңде өзінің сезімдерін жеңе алса, бала өзінің жас ерекшеліктеріне қарай бұл сезімдерді жеңе білмейді.
Түлектерге арналған ұсыныстар
• Тестілеуге дейін
1. Тестілеуден бір күн бұрын еш нәрсемен айналыспауға тырыс. Егер сен бір материалды оқымаған болсаң, ары қарай тырыспай-ақ қойғаның дұрыс. Тынығып, демал және алда тұрған тестілеу туралы ойламауға тырыс
2. Тестілеу алдында міндетті түрде жақсылап ұйқыңды қандыр.
3. Міне сен тест тапсыратын сыныптың алдына келдің. Тыныштал! Бірнеше рет ішіңнен: «Мен байсалдымын! Мен өте сабырлымын!» деп қайталап айт.
4. Өз эмоцияларыңды ретке келтір, ойыңды жинақта.
5. Сыныпқа сенімділікпен кір.
6. Жайланып отыр, арқаңды тікте. Өзіңді барлығынан ақылды, ұстамды және сенің қолыңнан бәрі келеді деп ойла. «Мен байсалдымын! Мен өте сабырлымын!» деген сөздеріңе көңіл қой. Бұл сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайтала. Соңында жұдырығыңды түйіп ал.
7. Қысымды азайтуға арналған тыныс алу жаттығуларын орында:
— ыңғайлы отыр,
— мұрын арқылы терең тыныс ал (4–6 секунд),
— тыныс алуды ұстап тұру (2–3 секунды).
8. Кейін көңіл аудармау үшін және тестілеуді рәсімдеу туралы артық сұрақтар қоя бермеу үшін мұқият тыңда. Саған барлығын түсіндіреді: бланкіні қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектептің нөмірін қалай кодтау керек және т.б.
9. Зейінді тек қана жұмысқа шоғырландырып, басқа нәрселерге көңіл аудармауға тырыс. Сен үшін тек тест орындаудың уақыты, бланкі мен тест қана бар. Тапсырманы соңына дейін оқы. Асығыстықпен басын ғана оқып, соңын өзің ойша шығара салуға болмайды.
10. Барлық сұрақтарды қарап шық та, жауаптарына күмәнданбайтын сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен сабыр сақтап, жұмыс жасау ырғағына енесің. Кез келген тесте сен жауабын жақсы білетін сұрақтар болады.
11. Жаңа тапсырманы орындайтын кезде алдында болған тапсырмаларды ұмытып кіріс, - әдетте, тесттегі сұрақтар бір-бірімен байланыссыз болады.
12. Артығын алып тастау әдісін қолдан! Анық сәйкес келмейтін жауаптарды біртіндеп алып таста. 13. Егер сен жауаптың дұрыстығына күмәндансаң, таңдау жасау қиын болса, өз түйсігіңе сүйен!
14. Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр. Тым болмаса, бір көз жүгіртіп, анық көрініп тұрған қателеріңді түзхетіп шығуға мүмкіндігің болсын.
15. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын, іс жүзінде барлығы идеалды болуы мүмкін емес. Тестік тапсырмалар күрделілігі жағынан максималды түрде есептелген ғой, сондықтан жақсы баға алу үшін тапсырманың 70 % орындаса жеткілікті.
Тестілеу барысында:
• Тестілеу алдында сендерге қажетті ақпараттың барлығын түсіндіреді (бланк қалай толтыру керек, қандай әріптермен, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б.). Мұқият болу!!! Бұл талаптардың барлығын сен қалай орындайсың, жауаптарыңның дұрыстығы соған байланысты болмақ!
• Жауап бланкісін (тіркеу аймағы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен жазасың! Кейбір әріптердің қалай жазылатынына көңіл аудар, мысалы, «а» және «д» әріптері. Кейбір ақпараттар кодталған түрде жазылады, оларды саған тестілеу алдында айтады.
• Жауап бланкісін толтыруда түзетулер жасамаған жөн. Егер түзетулер жасау аса қажет болса, есіңде болсын, оларды тек А типіндегі тапсырмаларда ғана, «Қате белгілеулерді түзету» полясында жасауға болады. Түзетулер тек ұйымдастырушылардың нұсқауымен жасалады. Түзетулердің саны алтыдан аспауы тиіс.
• Бланкілерді толтыру бойынша кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы алдын ала хабарланады.
• Тестілеу нәтижелерін алуда сен тексерілген жұмыспен танысуыңа болады, егер бағасына келіспесең келіспеушілік комиссиясына аппеляцияға беруге болады (нәтижелер жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде)
Тестілеуді сәтті орындау үшін:
• Мәтінге түгелдей көз жүгіртіп шығу керек, себебі ондағы тапсырмалардың қандай мағынада екендігін шамалап шыққанда, адам жұмысқа дайындалады.
• Сұрақты соңына дейін оқып, мағынасын түсіну керек (тестілеу барысында әдетте кездесетін қателік – сұрақты соңына дейін оқымастан, жауабын ойланып, жауап беруге асығыстық жасау).
• Егер сұрақты білмесең, оны белгілеп қой да, қалдырып кет, кейін қайта оралып орындайсың.
• Егер берілген уақыт ішінде сұрақтың жауабын білмесең, ішкі дауысыңа сүйенуге болады, мүмкін жауап нұсқасын белгілейсің.
• Зейінді шоғырландыру керек! Тестік тапсырмалардың бастапқы бөлімін орындап болғаннан кейін, түсініксіз сұрақтарды орындау алдында жан-жағыңның барлығын ұмытып, тек қана тапсыраны орындауға кіріс. Қатал талаптар сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Жауаптарды белгілеу алдында сұрақты екі рет оқып шығып, дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін ғана жаз.
• Жеңіл тапсырмадан баста! Күмәнің болмайтын сұрақтарды орындаудан бастаған кезде, жұмысқа жақсы кірісіп, қиын сұрақтарды ойлану кезінде энергия дұрыс жұмсалады.
• Қалдырып кет! Түсініксіз немесе күрделі сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде сен білетін сұрақтар міндетті түрде болады. Саған қиындық тудыратын сұрақтарда қалып қоймай, барлығын шолып шығып, қиынырақ тапсырамларды соңына қалдыру тест нәтижелерін біршама жақсарта түседі.
• Алдыңдағы тапсырманы ғана ойла! Алдыңда жаңа тапсырма тұрғанда алдыңғы сұрақтарды ұмыт. Әдетте, сұрақтар бір-бірімен байланыссыз болады. Сондықтан, әрбір жаңа тапсырма тағы бір ұпай жинау мүмкіндігі деп қара.
• Артығын алып таста! Көптеген тапсырмаларда бірден дұрыс жауапты іздемей, артығын алып тастау арқылы да дұрыстығына көз жеткізуге болады. Артығын алып тастау әдісі соңында тек бір-екі жауапқа қана назар аударып ойлануға мүмкіндік туғызады.
• Екі айналым жоспарла! Барлық берілген уақыттың үштен бірін жеңіл тапсырмаларды орындауға («бірінші айналым»), содан кейін қиын тапсырмаларды орындауға көш («екінші айналым»).
• Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдырып, анық көрініп тұрған қателерді түзетуге мүмкіндігің болсын.
• Көңілің түспесін! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын, іс жүзінде барлығы идеалды болуы мүмкін емес. Тестік тапсырмалар күрделілігі жағынан максималды түрде есептелген ғой, сондықтан жақсы баға алу үшін тапсырманың 70 % орындаса жеткілікті.