«Мектепте білім берудегі кітапхананың ролі» атты семинар өтті.
2017 жылдың 28 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында Жас ұлан мектебінің кітапханашыларына арналған «Мектепте білім берудегі кітапхананың ролі» атты семинарға қатысып сол семинарда көрсетілген іс-тәжірибелерді бөлісу мақсатында кітапхана қызметі мектеп-лицей мұғалімдеріне арнайы шеберлік сағат ұйымдастырды. Негізгі міндеттері мұғалімдердің функционалдық және оқу сауаттылығын арттыруда сыни ойлау, сюжетті қабылдау, үйрету, кітап оқуды дамытудағы заманауи әдістер мен формаларды тәжірибеде қолдану, тыңдаушылардың мектеп кітапханасының ролі туралы ойларын мотивациялау, өз жұмысындағы өзгерістерге қатысты шешімдер қабылдау дағдыларымен таныстыру болағандықтан «Book Dingo»,«Book Bingo,«5W 1H» Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?,«Терминдерді анықта»,«Book Puzzle»,«Keyword Hexagon» ойындары арқылы іске асырды. Шеберлік сағат тартымды өтті.