Размер шрифта:

«Ұлы Абай ізімен»атты дәстүрлі Абай оқуы өтті.

Date: 2017-02-04 12:57:21
«Ұлы Абай ізімен»атты дәстүрлі Абай оқуы өтті.

2017 жылдың 31 қаңтарында Абай шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында «Ұлы Абай ізімен»атты дәстүрлі Абай оқуы өтті. Байқауға қатысушылар 6-10-сынып оқушылары қатысты. Үш конкурстан тұратын Абай оқуларында «Өлең сөздің патшасы» конкурсында І орынды 10 сынып оқушысы Құсайынова Жадыра, ІІ орынды 8Ә сынып оқушысы Саятқызы Айсұлу, «Көңілімді ән ұғады» конкурсында І орынды 8Ә сынып оқушысы Жұмасейіт Нұрай, ІІ орынды 8Ә сынып оқушысы Мухамеджанова Гауһар, 8В сынып оқушысы Мұқатай Аманраһим, ІІІ орынды 6Г сынып оқушысы Қожахметова Ақниет, 9В сынып оқушысы Мерекеқызы Дильназ алды. «Жас дарындар» конкурсы бойынша І орынды Сапар Еркебұлан, ІІ орынды 8Ә сынып оқушысы Саятқызы Айсұлу, 6Б снып оқушысы Қошанова Айымжан иеленді. Құттықтаймыз!