2016 жылдың 21 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл аясында «25 жұлдызды күн» атаулы мерекесінің 1-күні Қазақстан Республикасының Конституциясына арналды.
2016 жылдың 21 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл аясында «25 жұлдызды күн» атаулы мерекесінің 1-күні Қазақстан Республикасының Конституциясына арналды. Сол орайда қараша айының 21-күні 5 «Г» сыныбында «Бейбітшілік. Татулық. Достық» атты кездесу өтті. Кездесуге Жәкібай Нұрайдың әжесі Жумажанова Мираш, Халык Жанасыл мен Жанеркенің әжесі Баян Бакеновна келді. Өтілген кездесуімізді ресми түрде Әнұраннан бастадық. Әрі қарай оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шара барысын Несіпбайева Назерке мен Халык Жанасыл жүргізді. Сынып ұжымымен «Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалды. Оқушылар Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерін таныстырды. Нұржанұлы Нұрқан үндіс, Амирхан Бақнұр өзбек, Тұяқ Ақерке мен Әмірқұл Айғаным қазақ ұлттарын көрсетті. Кездесу соңында әжелеріміз қазақтың тәуелсіздікке жету жолындағы қиыншылықтарын, көзбен көргендерін оқушыларға әңгімелеп, сабақтарына сәттілік тіледі.