Жалпы білім беретін пәндер бойынша 51-мектеп-лицейішілік олимпиада туралы ақпарат
2016 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 51-мектеп-лицейішілік кезеңі өтті. Мектеп-лицейішілік олимпиада 8-11 сыныптар арасында негізгі 11 пән бойынша ұйымдастырылды. Олимпиадаға мектеп-лицей бойынша Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 142 оқушы қатысса, қоғамдық-гуманитарлы пәндер бойынша 83, жалпы 225 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:
I орын- 47 оқушы,
I I орын-53 оқушы,
III орын- 49 оқушы.
Қалған оқушылар мектеп-лицейішілік олимпиадаға белсене қатысқаны үшін арнайы мадақтамамен марапатталды. 14 қараша күні өткен олимпиаданың жабылу салтанатында мектеп-лицей директорының орынбасары Г.Ө.Ерменбетова мен мектеп-лицей эдвайзері С.С.Сулейменова алғыс хаттарды ресми түрде олимпиадаға қатысқан оқушыларға табыс етті.