Размер шрифта:

2015-2016 оқу жылында пән олимпиадасы, ғылыми жоба жарысы, интеллектуалды ойындар, форум, байқауларға қатысуы, нәтижесі.

Дата: 2016-11-03 08:02:47

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім қызметкерлерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу деген. Осы түрғыда білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақыттағы жаһандастыру жағдайында ғылым, ақпараттық-техникалық, мәдени даму жолында ерекше көзге түсетін дарынды тұлға қалыптастыру бүгінгі алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Осы мақсатты іске асыруда мектеп-лицейінде «Жаңа ғасыр дарыны» оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырған айлық өтті. Айлық кезінде оқушылар ғылыми-практикалық конференция, зияткерлік ойындар, дойбы жарысы, пән олимпиадаларына, спорттық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атануда.  Әр сыныптардан білім, өнер, спорт  сайыстарында оза шыққан оқушыларға арналған «Дарынды бала-ұлт байлығы» атты постер дайындалды. «Мәңгілікке сүйікті туған өлке» атты фотоколлаж байқауы 5-8 сыныптардың арасында өткізілді. Әр оқушы өзінің туған жерін әсем суреттері мен өлең шумақтарын төгілдіріп әсерлі жасаған. Ең үздік деген 6 жұмыс республикалық байқауға жолдама алды. Нәтижесінде 6А сынып оқушысы Манатқали Мариям республикалық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы байқаудың жалғасы ретінде 4-сыныптар арасында «Айналамыздағы табиғат» атты эссе жазу байқауы өткізілді. Байқауға қаламын ұштап, шағын шығарма жазып жүрген оқушылар қатысты. Нәтижесінде: Несипбаева Назерке 1-орын, Рахимберлина Дарина, Қайролла Еңлікгүл 2-орын, Қабдыбек Гүлназ, Тұрсынбек Бауыржан 3-орын алды.

         Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруда 2,5-сыныптар арасында дойбы жарысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 2Ә сынып оқушылары Ільяс Гаухар 1- орын, Қуанышбек Ерқанат 2- орын, Берікжан Әбілмансұр ІІІ орын иеленсе, 5- сынып оқушылары Елжас Нұрислам 1- орын, Мажикен Абылайхан 2- орын, Манарбек Санжар 3- орынға ие болды.

         Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты – техникалық бағыттағы оқушыларды анықтау, қолдау және шығармашылық қабілетін өз туған елінің рухани және экономикалық әлеуетін көтеруге жұмылдыру. Ең бірінші, мектеп-лицейішілік кезеңін өткізіп, одан оза шыққан оқушылар қалалық одан әрі облыстық кезеңіне қатысып қайтты. 11-сынып оқушылары Серікұлы Айбар мен Басаров Сержан жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2- орын ал, 7-сынып оқушылары Касенханова Нұрай биология пәнінен 2- орын, Кенжетаева Аяулым математика пәнінен 3- орын иеленді.

Осы айлық кезінде ұйымдастырылған  ұлы тұлғалардың елеулі еңбегін жас ұрпаққа үлгі өнеге тұту  және еңбектерін жалғастыру мақсатында «Біртуар тұлға тағлымы» атты бірінші мектеп-лицейішілік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры Дүбірбекова  Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтау сөзден бастап,  ғалымның тұлғасы биік, заңғар таудай алып екені, парасатты, үлкен жүректі тұлға екені оқушыларға мағлұмат берілді. Конференцияның екінші бөлімінде ғалым Ж.С.Ақылбаев атындағы І мектеп-лицейішілік физика олимпиадасының тұсауы кесіліп, олимпиада кубогы жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Меирбекова Алмагул Сағатбекқызы мен жас маман Сулейменова Сымбат Сансызбайқызына тапсырылды. Конференция физика пәнінен білімін тереңдету мақсатында жүргізілген олимпиадамен жалғасты.

Игілікті істің жалғасын физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты О.А.Жәутіковтің еңбегі, қоғамдық өмірде және ғылымда қалдырған ізін және биік кәсіби шеберлігін зерделеп, насихаттауда мектеп-лицейдің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысының барысында, жеке тұлғаның кәсіби дамуының патриоттық, ғылыми – танымдық бағыттары талқыланып, өзекті мәселелер қарастырылды. Конференцияның екінші бөлімінде ғалым О.А.Жәутіков атындағы І мектеп-лицейішілік математика олимпиадасының тұсауы кесіліп, олимпиада кубогы жаратылыстану-математика кафедрасының жетекшісі, І деңгейлі математика пәнінің мұғалімі Садвокасова Айгул Тимуровнаға және  жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Үсенбекова Сақып Үсенбековнаға жас маман Ахметова Динара Джарлыкабовнаға  табысталды.

Əлбетте, ұлы тұлғаларды тану əр уақытта еңбектерін оқу,  сол еңбектері арқылы ғылыми-танымдық, зияткерлік, зерттеушілік  шаралар ұйымдастырып мектеп-лицей қабырғасында дәстүрге айналдыру ұсынысы бірауыздан қабылданды.

         Халықаралық ынтымақтастық жүйесін іске асыру мақсатында   «Шексіз математика» халықаралық жобасы үшінші жыл жүзеге асырылып келеді.  Мектеп-лицей жаратылыстану-математика бағытын ұстанғандықтан оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, зейіндерін дамыту, білім сапасын жоғарылату мақсатында мектеп-лицейдің 2-10 сынып оқушылары «Шексіз математика»  халықаралық турниріне  қатысып келеді. Жазғы, қысқы ауысым кезінде  мектеп оқушылары ата-ананың қолдауымен оқу сауықтыру орталығында дем алды, жаңа 2016 жылға мектеп-лицей оқушылары үшін  тағы да дем алудың сәті күтіп тұр. 2015-2016 оқу жылында Халықаралық «Шексіз математика» олимпиадасы күзгі кезеңін өткізді. Нәтижесінде 5А сынып оқушылары Рашатов Елдос 2-орын, Кабжанова Тоғжан 3-орын,  2А сынып оқушысы Омарханов Алихан 3-орын, 5Ә сынып оқушысы Марат Әли 2-орын иеленді.

         Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні – еліміз үшін аса маңызды мейрам. Елбасымыздың ел басқарудағы салиқалы саясатын, көпұлтты мемлекет басқарудағы әдісін бүкіл әлем үлгі етуде. Біздің оқушыларымыз да Елбасына  «Менің Президентіме менің тілектерім» атты республикалық эссе байқауына қатысып жылы лебіздерін  тарту етті. Жұмысы «үздік» деп танылған 4Ә сынып оқушысы Ержанова Талшын 3-дәрежелі диплом және бағалы сыйлыққа ие болды. Осындай бір тағылымы мол іс-шаралардың бірі - Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ұйымдастырылған 8-10 сынып оқушылары үшін «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың ерекшелігі – Елбасының идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған ғылыми-зерттеу және оқушылардың жаңа заман мәселелеріне көзқарасы. Осы жоба байқауында 10А сынып оқушысы Берліғалиева Г. 1-орын (cыйлыққа ноутбук)  7Б сынып оқушысы Отарбаев Қ. 2-орын (айпад) иеленді. Жыл сайын өтетін қалалық дәстүрлі «Алтын бала» форумында 10А сынып оқушысы, халықаралық олимпиада жеңімпазы Садырбаева Зарина «Алтын бала» медалінің иегері атанды.

Кез келген ұлтты алға сүйрейтін бірден-бір күш – білім, өнер. Бұлар аса күрделі жолмен келетін қымбат қазыналар. «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық» - деп Елбасымыз айтқандай Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күніне орай Жазқазған қаласында мектеп-лицейіміздің 9Ә сынып оқушысы Мырзаханұлы Әлихан Балқаш қаласы және Жас ұландар атынан «Мәңгілік ел ұландары» атты форумға қатысып қайтты. Форумда «Экоәлем» тақырыбында атқарылған жұмыстары жайлы жоба қорғап, төрттіктер қатарында үздік жұмысы үшін дипломмен марапатталды. Мектеп-лицейіміздің тағы бір жетістіктері ғылыми жоба жарысы. Облыстық жарысқа 11 оқушы қатысты, 8В сынып оқушылары Несипбаева Алуа және Кенжебекова Сымбат жұмыстарын үш тілде қорғап 3-орынға ие болды, 9Ә сынып оқушылары Мұқажан Алтынай және Бекбосын Әмина 2-орын, 11А сынып оқушысы Дайырбаев Нияз – 3-орын, 10-сынып оқушысы Қабдуахит Дарын 3-орын иеленді.  Жоба жарысының ІІ кезңі онлайн тестке қатысқан оқушылар: Дайырбаев Нияз ағылшын тілі пәні бойынша – 60 балл, Мұқажан А. , қазақ әдебиеті – 76 балл, Бекбосын Ә. Қазақ әдебиеті – 90 балл жинап жұмыстары республикаға жіберілді.

Оқушылардың білімін саралайтын – пәндік олимпиада. «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ 2015 жылғы 7 желтоқсан №358 бұйрығы негізінде және «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ 2015 жылдың 12 желтоқсанындағы №287 бұйрығымен 50-қалалық пән олимпиадасына мектеп-лицейден 62 оқушы қатысты. Қыз бала – 34, ер бала-28, жаратылыстану-математика бағыты бойынша – 35 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша – 27 оқушы. Олимпиаданың ІІ кезеңіне 31 оқушы қатысты. Нәтижесінде:

жылдар

1-орын

%

2-орын

%

3-орын

%

жалпы

%

2014 жыл

7 оқушы

21,2

9 оқушы

27,2

13 оқушы

39,3

29

87,8

2015 жыл

6 оқушы

10

13 оқушы

21

12 оқушы

19

31

50

 

Облыстық олимпиада:

1.     Қасқабайұлы Әбдібек 11А – Қазақстан тарихы  - ІІ орын

2.     Данықбай Диас 9В    - химия                                - ІІІ орын

3.     Қасым Заңғар 10А – химия

4.     Садырбаева Зарина 10А – математика                - ІІІ орын

Республикалық олимпиада:

1.     Қасқабайұлы Әбдібек 11А – Қазақстан тарихы – ІІ орын.

Республикалық «Зерде» оқушылардың шығармашылық конкурсы:

1.     Жолдасбай Жандар 6А – математика секциясы – І орын

2.     Манатқали Мариям  6А – математика секциясы – І орын

3.     Берік Аңсар 7Ә – өлкетану секциясы – ІІІ орын.

4.     Сағым Баян 7Ә – өлкетану секциясы – ІІІ орын

 

Олимпиада, байқаулар атауы

Барлық қатысқаны

Жүлделі орындар саны

«Алтын бала» форумы.

1

1

«Шексіз математика» халықаралық жоба аясындағы турнир (күзгі)

85

4

Қалалық олимпиада (9-11 сын)

                                  (5-8 сын)

62

104

31

38

«Менің Президентіме менің тілектерім» республикалық эссе байқауы

12

1

«Елбасының жобалары мен бастамалары» атты облыстық жоба сайысы

4

2

«Менің арманымдағы үй-Болашақ үй» қалалық макеттер байқауы.

4

4

Президенттік олимпиада (облыстық кезең) (7,11)

4

4

Облыстық «Парасат» интеллектуалды ойын

33

9

Республикалық «Ақ бота» интеллектуалды ойын

132

-

 

 

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жоба

5

4

«Мәңгілікке сүйікті туған өлке» атты республикалық байқау

5

1

«Зерде» зерттеушілік, шығармашылық конкурс (облыстық)

11

11

«Зерде» зерттеушілік, шығармашылық конкурс (республикалық)

4

4

Облыстық «Өзін-өзі тану» олимпиадасы

1

 

«Зият»  сырттай ҒПК. Астана қ.

3

3

Қала әкімінің «Өркен» сыйлығы грант.

1

 

«Жасыл ел» халықаралық форум (облыстық) КҒА

11

11

«Жарқын болашақ» VIIIреспубликалық «KATEV» қазақ тілі олипмиадасының облыстық кезеңі.

3

1

46-ғылыми-практикалық шеңберінде 1-деңгейлі оқу-зерттеу байқауы.

4

4

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба жарысы

2

 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Жоғары математика және мектеп» атты ХХІІ аймақтық ҒПК

4

4

«Тұғыры биік тұлға» атты ҒПК

3

3

«ROBOLAND» халықаралық фестиваль

2

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада

4

3

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиада

1

1

«Шексіз математика» халықаралық жоба аясындағы турнир (қысқы)

50

9

46-ғылыми-практикалық шеңберінде 1-деңгейлі оқу-зерттеу байқауы.

3

3

46-ғылыми-практикалық шеңберінде 1-деңгейлі оқу-зерттеу байқауы.(математика)

2

2

«Теңдік туын көтерген алаш көсемі» ҒПК (қалалық)

1

1

Қалалық Робототехника байқауы

2

2

«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық байқау

3

2

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ҒПК

1

1

КҒА «Не жаман, не жақсы» компьютерлік графика мен фотоколлаж байқауы.

6

6

Наланда

185

175

КИО интернет олимпиада

337

 

Кенгуру математика для всех

90

22

барлығы

1184

341