Размер шрифта:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Дата: 2026-09-21 09:16:41
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Мектеп-лицейде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім сапасын халықаралық талаптарға сәйкес жетілдіру мақсатында халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Мектепте халықаралық зерттеулердің бағыттары бойынша:
* білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту;
* функционалдық сауаттылықты арттыру;
* мәтінмен жұмыс жасау және ақпаратты талдау дағдыларын қалыптастыру;
* проблемалық жағдайларды шешу және сыни ойлау қабілеттерін дамыту;
* зерттеу тапсырмалары мен практикалық бағыттағы жұмыстарды сабақ үдерісіне енгізу;
* педагогтердің халықаралық зерттеулердің талаптары мен бағалау құралдарын зерделеуі;
* диагностикалық және мониторингтік жұмыстар жүргізу жүзеге асырылады.
*Негізгі бағыттар:*
*PISA* – білім алушылардың алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдану, оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалау.
 
*ББЖМ* – 4 және 8-сынып білім алушыларының математика және жаратылыстану бағытындағы білім жетістіктерін зерттеу.
Халықаралық зерттеулер нәтижелері мектепішілік талдау жұмыстарына негіз болып, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға және педагогтердің оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдаланылады.
**Мақсатымыз – білім алушының тек білімді меңгеруін емес, оны өмірде тиімді қолдана алатын құзыретті тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету.