2026 жылғы қыркүйек айына арналған мектеп-лицейішілік басқару мен бақылау жоспары

Дата: 2026-09-21 09:15:18
 2026 жылғы қыркүйек айына арналған мектеп-лицейішілік басқару мен бақылау жоспары
 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөліміне қарасты «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де 2026–2027 оқу жылындағы мектеп-лицейішілік басқару мен бақылау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
 
2026 жылғы 1–30 қыркүйек аралығына арналған мектеп-лицейішілік басқару мен бақылаудың негізгі мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби біліктілігін жетілдіру, қызмет нәтижелерін зерделеу және талдау, білім алушылардың білім сапасын арттыру, мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
 
Қыркүйек айында мектеп-лицейішілік бақылау аясында төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:
 
* ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен және үйден оқыту бойынша құжаттардың жүргізілуін зерделеу;
* мектеп қызметкерлеріне қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқау беруді және тиісті журналдардың жүргізілуін бақылау;
* «Білімал» электронды журналының талапқа сай және уақтылы толтырылуын бақылау;
* білім алушылардың оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілу жағдайын зерделеу;
* мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру сапасы мен санитариялық талаптардың сақталуын бақылау;
* 9 және 11-сынып оқушыларының еңбекке орналасу нәтижелерін зерделеу;
* 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
* халықаралық зерттеулерге, оның ішінде ББЖМ-2026-ға дайындық жұмыстарын жүйелеу;
* 2025–2026 оқу жылында білім сапасы төмен деңгейде болған 9В (40%), 9Ә (45%), 8А лицей сыныбы (48%) білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау;
* аттестаттаудан өтетін педагогтердің өтініш білдірген біліктілік санатына сәйкестігін зерделеу;
* жас мамандардың кәсіби бейімделуін қолдау және тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру;
* тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлаудың сапасы мен құрылымын зерделеу;
* 5-сынып білім алушыларының орта буынға бейімделуінің психологиялық жағдайын анықтау және қажетті психологиялық қолдау көрсету.
 
Бақылау нәтижелері мектеп әкімшілігінің отырыстарында, директор жанындағы кеңестерде және педагогикалық кеңес отырыстарында қаралып, анықталған мәселелер бойынша тиісті басқарушылық шешімдер қабылданады.
 
Мектеп-лицейішілік басқару мен бақылау жұмыстарының жүйелі жүргізілуі оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға бағытталған.